•  

    Kaspi Банкоматтарда бір рет көп дегенде 1 миллион теңге, тәулігіне 4 миллион теңгеге дейін ақша ала аласыз. Егер банкоматта қажетті сома болмаса, экранда қазір қанша алуыңызға болатыны көрсетіледі.

     

    Егер лимит шегінде ақша алсаңыз, Kaspi Gold-тан ақша алуға комиссия болмайды. Оған мына сома кіреді:

     

    • жалақы және іссапар ақысы;
    • Ақшалай кредит;
    • ЖК үшін Кредит;
    • Жинақтаушы Kaspi Депозиттегі және  Kolesa.kz-тегі Автокредитпен машина сатудан түскен  ақша;
    • Айына 300 000 теңге.

     

    Комиссиясыз алуға болатын соманы Kaspi.kz қосымшасында көре аласыз: Жеке Банк → Kaspi Gold→ Ақпарат →  Қолма-қол ақша алуға лимит.

     

    Лимиттен жоғары қолма-қол ақша алу кезінде комиссия асып кеткен соманың 0,95%-ын құрайды. Оның нақты мөлшері Kaspi Банкоматтың экранында көрсетіледі.

     

     4 миллион теңгеден көп соманы алу үшін Kaspi.kz қосымшасында ақша сомасына тапсырыс беру керек. Ол үшін Жеке Банк → Kaspi Gold → Әрекет → Алатын сомаға  тапсырыс беру деп өтіп, экрандағы әрекеттерді орындаңыз.

     

    Тапсырыс берген кезде ақша сомасы таңдаған бөлімшеге жеткізіледі:

     

    18:00-ге дейін тапсырыс бергенде

    келесі күні

    18:00-ден кейін тапсырыс бергенде

    бір күннен кейін жеткізіледі

     

    Назар аударыңыз: Kaspi Gold-пен  аударымдар, төлемдер жасағанда, сатып алғанда және ақша алған кезде комиссиясыз қолма-қол ақша алу лимиті азаяды.  

    Жаңартылды 12.10.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?