• Қолма-қол ақшаны алу лимиті мынадай сомаларды қамтиды:

     

    • жалақы;
    • Ақшалай Кредит;
    • Жеке кәсіпкерлік Кредит;
    • Kolesa.kz -те Автокредитпен көлікті сатудан түскен ақша;
    • айына 300 000 теңге.

     

    Назар аударыңыз:

     

    • ақша аударғанда, төлем жасағанда, зат сатып алғанда және Kaspi Gold-тан ақша алғанда жалақы ақшасы азаяды.
    • Айына 300 000 теңгені комиссиясыз ала аласыз. Бұл сома карта бойынша шығын мен операцияларға байланысты емес;
    • ең алдымен жалақы ақшасы есептен шығарылады.

     

    Комиссиясыз алынатын соманы Kaspi.kz-тегі «Жеке Банк» бөлімінде авторизациядан өткеннен кейін Kaspi Gold → АқпаратҚолма-қол ақша алуға лимит қосымша бетінен қарай аласыз.

     

    Лимиттен асырып қолма-қол ақша алған кезде комиссия асып кеткен соманың 0,95%-ын құрайды. Комиссия мөлшерін ақшаны алар алдында Kaspi Банкоматтың экранынан көресіз.

     

    Мысалы, банкоматтан 350 000 теңге алдыңыз. Бұл жағдайда асып кеткен сома - 50 000 теңге. Комиссия 50 000 теңгенің 0,95% -ын құрайды, бұл - 475 теңге.

     

    Комиссия банкоматтан немесе банк кассасынан ақша алған кезде алынады. Дүкендер мен интернетте карточкамен  төлесеңіз немесе Kaspi.kz-те төлем жасасаңыз, комиссия болмайды.

    Жаңартылды 04.07.2024
    Қолданушылардың 93% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?