Ақша алу
Қолма-қол ақша алуға лимит — бұл Kaspi Gold-тан комиссиясыз алуға болатын сома.
Ол мынадай соманы қамтиды:
- жалақы;
- Ақшалай Кредит;
- Жеке кәсіпкерлік кредит;
- Kolesa.kz-те Автокредитпен көлікті сатудан түскен ақша;
- айына 300 000 теңге.
Назар аударыңыз:
- ақша аударған, төлем жасаған, сатып алған кезде және Kaspi Gold-тан ақша алғанда жалақы сомасы азаяды;
- айына 300 000 теңгені сіз әрқашан комиссиясыз ала аласыз. Бұл сома шығындар мен карта бойынша жүргізілген операцияларға байланысты емес;
- ең алдымен жалақы сомасы есептен шығарылады.
Комиссиясыз қолма-қол ақша алу сомасын Kaspi.kz қосымшасынан білуге болады: «Жеке Банк» → Kaspi Gold → Ақпарат → Қолма-қол ақша алуға лимит.
Лимиттен асырып қолма-қол ақша алған кезде комиссия асып кеткен соманың 0,95%-ын құрайды. Комиссия мөлшерін ақшаны алмай тұрып Kaspi Банкоматтың экранынан көресіз.
Жаңартылды 07.12.2025Қолданушылардың 87% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?