Сіз кез келген Kaspi Банкоматта Kaspi Gold-тан тәулігіне 4 миллион теңгеге дейін ала аласыз.
Егер сізге одан көп ақша алу керек болса, Kaspi.kz қосымшасында сомаға тапсырыс беріңіз: Жеке Банк → Депозит → Әрекет → Қолма-қол ақшалай сома алуға тапсырыс беру.
Ақша таңдаған бөлімшеге:
18:00-ге дейін тапсырыс бергенде
келесі күні
18:00-ден кейін тапсырыс бергенде
бір күннен кейін жеткізіледі
Тапсырыс берген кезде ұсынылған нұсқалардан күнді және ақшаны алуға болатын бөлімшені таңдау керек.
Лимиттен асырып қолма-қол ақша алған кезде комиссия асып кеткен соманың 0,95%-ын құрайды. Оның нақты мөлшері Kaspi Банкоматтың экранында көрсетіледі.
Егер лимиттің шегінде қолма-қол ақша алсаңыз, комиссия болмайды. Оны көру үшін Kaspi.kz қосымшасына өтіңіз: Жеке Банк → Kaspi Gold → Ақпарат → Қолма-қол ақша алуға лимит.
Жаңартылды 07.12.2025Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Ақша алу