Kaspi Gold картасынан алатын қолма-қол ақшаңыз лимиттен асып кетсе, комиссия ұсталады, лимит — жалақы + айына 300 000 теңге. Комиссия көлемі — асып кеткен соманың 0,95%-ы. Оны қолма-қол ақша аларда Kaspi Банкомат экранынан көресіз.
Мысалы, сіз банкоматтан 350 000 теңге алдыңыз. Лимиттен асып кеткен сома — 50 000 теңге. Комиссия 475 теңге болады — 50 000 теңгенің 0,95%-ы.
Комиссиясыз берілетін соманы Kaspi.kz-тегі «Жеке Банк» бөлімінде авторизациядан соң көре аласыз — Kaspi Gold → Инфо → Қолма-қол ақша лимиті.