Жеке Банк
Шетел валютасымен төлегенде, алдымен Kaspi Gold-тағы сома ағымдағы бағаммен бұғатталады.
Бірнеше күннен кейін, кейде одан да ұзақ уақыттан соң операцияны сатушының банкі растайды. Содан кейін сол күнгі валюта бағамы қолданылады.
Егер осы уақыт ішінде:
- бағам төмендесе — теңгедегі қорытынды сома азаяды, айырмасы Kaspi Gold-қа қайтарылады;
- бағам өссе — теңгедегі қорытынды сома көбейеді, жетпеген бөлігі сатушыға жіберіледі.
Валюта бағамының айырмасын Kaspi Gold → Үзінді көшірме бөлімінен қажетті операцияны таңдау арқылы тексере аласыз. Сондай-ақ сізге бұл туралы Kaspi.kz қосымшасына хабарлама келеді.
Жаңартылды 06.08.2026Қолданушылардың 67% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?