Бірнеше себебі болуы мүмкін:
Сіз Kaspi Gold-ты Apple Pay-ге қоспағансыз
Мұны Kaspi.kz қосымшасында жасауға болады: Жеке Банк → Kaspi Gold. «Apple Pay-ге қосу» деп басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қаражат жеткіліксіз
Kaspi Gold-қа ақша салып, төлемді қайта жасаңыз
Картаның қолданылу мерзімі өтіп кеткен
Картаның бет жағындағы қолданылу мерзімін тексеріңіз. Қажет болса, Kaspi Gold-ты Kaspi.kz қосымшасында қайта шығаруға болады.
Интернеттен сатып алуға белгіленген лимит асып кеткен
Kaspi.kz қосымшасында Жеке Банк сервисіне → Kaspi Gold → Интернетте төлеу →Лимитті өзгерту деп өтіңіз. Қажетті соманы таңдап, «Қолдану» деп басыңыз.
Елде операция жүргізу шектелген
Visa төлем жүйесінің талаптары бойынша Замбия, Нигерия, Гана, Сьерра-Леоне мен Либериядан интернет арқылы сатып алуға рұқсат берілмеуі мүмкін.
Сіз құмар ойындарына төлем жасайын деп жатырсыз
Қазақстанда ойын бизнесі саласында қызмет етуге құқық беретін лицензиясы жоқ онлайн-казино мен тотализаторлардың пайдасына Kaspi Gold-пен төлем жасауға тыйым салынған. Сондай-ақ заң бойынша 21 жасқа толмағандарға құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуға болмайды.
«Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңының 6-бабының 2-тармағы
«Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңының 15-бабының 1-тармағы
Сіз букмекерлік кеңселердің пайдасына төлем жасайын деп жатырсыз
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің талабы бойынша мұндай төлемдерді қазір жасауға болмайды. Оған Fonbet мен Winline қосылмайды.
«Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңының 15-бабының 1-тармағы
Сіз криптовалюта сатып алып жатырсыз
Егер компанияның Қазақстанда қызмет етуге құқық беретін лицензиясы болмаса, Kaspi Gold-пен криптовалюта сатып алуға тыйым салынады. Заң «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) лицензиясы бар компанияларға ғана қамтамасыз етілген цифрлық активтермен операция жүргізуге рұқсат береді.
«Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» заңның 8-тармағы
Сіз ҚР Ұлттық Банкінің антифрод-орталығының тізіміндесіз
Құқық қорғау органдары (ІІМ) бұл тізімге алаяқтыққа ұқсас операциялар жүргізетін клиенттерді енгізеді. Мұндай жағдайда Kaspi.kz олардың өтініштерін қабылдамауға міндетті.
«Алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» қаулы.
Сатушыдан сатып алу мүмкін емес
Егер операция қауіпсіздік тексеруінен өтпесе, Kaspi.kz төлемді шектей алады.
Егер себептердің біреуі де сәйкес келмесе, Kaspi.kz қосымшасындағы Kaspi Гидпен чатқа жазыңыз. Біз көмектесуге тырысамыз.
Жаңартылды 30.06.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Apple Pay