Сертификат – кез келген жағдайға арналған әмбебап сыйлық. Оны Kaspi.kz-тегі Магазинде сатып алған заттың ақысын төлеу үшін пайдалануға болады
Туған күнге, үйлену тойына, басқа мерекелерге немесе еш себепсіз сыйлауға арналған дизайнды таңдай аласыз. Қажеттісін оңай табу үшін тақырып бойынша сүзгілер бар. Содан кейін сертификаттың сомасын 3 000-нан 500 000 теңгеге дейін таңдай аласыз немесе өзіңіз енгізе аласыз. Қаласаңыз, құттықтау тілегіңізді де қоса аласыз.
Сертификатты бірден жіберіңіз немесе алушыға сыйлықпен хабарлама келетін күн мен уақытты жоспарлап қойыңыз.
Сертификатты 16 жастан асқан кез келген Kaspi клиентіне сыйлауға болады. Оған Kaspi.kz қосымшасына сіздің атыңыздан хабарлама — анимациясы бар ашық хат келеді.
Сертификат алушы онымен Kaspi.kz-тегі Магазиндегі 20 миллионнан астам тауар ақысын төлей алады. Егер ол барлық соманы жұмсамаса, қалған ақша күйіп кетпейді. Kaspi.kz-тегі Магазинде зат сатып алатын Сертификат мерзімсіз, онымен ақша таусылғанша тауардың ақысын төлеуге болады.
Жаңартылды 11.03.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Жалпы сұрақтар