- Жаңартылды 12.05.2025
Сертификат – кез келген жағдайға арналған әмбебап сыйлық. Оны Kaspi.kz-тегі Магазинде сатып алған заттың ақысын төлеу үшін пайдалануға болады
Сертификаттың сомасын 3 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін таңдай аласыз немесе көрсете аласыз, содан кейін дизайнын таңдай аласыз: туған күнге, тойға, басқа да мерекелерге немесе жай себепсіз және қаласаңыз, өзіңіздің атыңыздан құттықтау қоса аласыз.
Сертификатты бірден жіберіңіз немесе алушыға сыйлықпен хабарлама келетін күн мен уақытты жоспарлап қойыңыз.
Сертификатты 16 жастан асқан кез келген Kaspi клиентіне сыйлауға болады. Оған Kaspi.kz мобильді қосымшасына сіздің атыңыздан хабарлама — анимациясы бар ашық хат келеді.
Сертификат алушы онымен Kaspi.kz-тегі Магазиндегі 8 миллионнан астам тауар ақысын төлей алады. Егер ол барлық соманы жұмсамаса, қалған ақша күйіп кетпейді. Kaspi Магазинде зат сатып алатын Сертификат мерзімсіз, онымен ақша таусылғанша тауардың ақысын төлеуге болады.
Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.Жауап пайдалы болды ма?