• «Сенімді адам»  – бұл Kaspi.kz қосымшасындағы сервис, оның көмегімен біздің сүйікті клиенттеріміз ата-аналарының қаржысын телефон арқылы жасалатын алаяқтықтан және интернеттегі алдаудан қорғай алады.

     

    Қорғау әдеттен тыс және күмәнді операциялар жүргізілген жағдайда қолданылады. Мысалы, ата-анасына тән емес операциялар: ақша аудару, ақша алу, Kaspi.kz қосымшасында немесе интернеттен сатып алу және төлеу. 

     

    Егер ата-ана осындай операция жасамақ болса, Kaspi.kz қызметкері сенімді контактіге қоңырау шалады немесе оған қосымшада хабарлама келеді. Ол 24 сағаттың ішінде оны растауы немесе одан бас тартуы керек.

     

    Оған кредитті өтеу, Kolesa.kz-тегі Автокредитті ресімдеу, өз шоттарының арасындағы аударымдар, Kaspi Travel-де турды, ұшақ және теміржол билеттерін сатып алу кірмейді.

     

    Сервисті тек ата-ананың өзі қоса алады: олар қосымшаға сенімді адамды-21 жастан асқан баласын қосуы керек, ол Kaspi.kz-тің клиенті болуы керек.

    Жаңартылды 01.10.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?