Клиенттерге арналған Kaspi Гид — бұл Kaspi.kz өнімдері мен қызметтері туралы толық ақпарат алуға көмектесетін сервис.
Мұнда барлық сұрақтарға ресми жауаптар қарапайым әрі түсінікті тілде берілген, пайдалы кеңестер, нұсқаулықтар және үйрететін бейнематериалдар бар.
Сізге ыңғайлы болу үшін әр бөлімдегі материалдар қолданушылар арасында қаншалықты жиі қаралатынына қарай автоматты түрде сұрыпталады. Ал әр өнім мен сервис бойынша ең жиі қойылатын 10 сұрақ бөлек көрсетіледі.
Қажетті ақпаратты табу үшін тиісті бөлімге өтіңіз немесе іздеу жолағына сұрағыңызды жазыңыз.
Әр өнім бойынша құжаттарды PDF форматында жүктеп алып, қарап шығуға болады.
Сервис үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады, сондықтан сіз әрқашан өзекті ақпаратты көресіз. Kaspi.kz жаңа өнім, опция немесе өзгеріс енгізсе, ол туралы ақпарат бірден Kaspi Гидте пайда болады.
Әр жауап пен бейнематериалға баға бере аласыз: материал сізге қаншалықты пайдалы болғанын белгілеуге болады.
Жаңартылды 07.04.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Баптау