• Бірнеше себебі болуы мүмкін:

     

    • интернеттің баяу болуы немесе болмауы

      Егер мобильді интернетті пайдалансаңыз, Wi-Fi-ға қосылғаныңызды немесе шоттағы трафик қалдығын тексеріңіз. VPN-ді өшіріңіз — ол интернетке қосылуға кедергі келтіруі мүмкін.

       

    • кіру коды дұрыс емес

      Kaspi.kz қосымшасында авторизациядан өту үшін Сервистер → Кіру/Тіркелу деп таңдаңыз. Авторизациядан өту экранында «Кіру кодын ұмытып қалдыңыз ба» батырмасын басып, 4 немесе 6 цифрдан тұратын жаңасын орнатыңыз.

     

    • Kaspi.kz қосымшасының ескі нұсқасы орнатылған

      Google Play, AppStore немесе AppGallery-ға өтіңіз. «Жаңарту» не «Update» батырмасын басып, орнатылғанын күтіңіз.

     

    • мобильді құрылғыда жад жеткіліксіз

      Телефон баптауларынан жадты босатып, кэшті тазалап, құрылғыны қайта іске қосыңыз.

     

    • операциялық жүйе ескірген

      Kaspi.kz қосымшасын iOS және Android операциялық жүйелері басқаратын смартфондарға орнатуға болады, олардың нұсқалары сәйкесінше 15.5 мен 8.0-ден ескі болмауы керек.

    Жаңартылды 02.11.2026

    Қолданушылардың 86% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?