Қауіпсіздік
- Тек ресми Kaspi.kz мобильді қосымшасын пайдаланыңыз. Оны AppStore, Google Play не AppGallery қосымшаларында жүктеп алуға болады.
- Телефоныңызда қауіпсіздік кодын баптаңыз, саусақ ізімен немесе бет әлпеті бойынша бұғаттан шығарыңыз.
- Вирусқа қарсы бағдарламаны орнатып, оны уақтылы жаңартып отырыңыз.
- Смартфонға қосылған бағдарламаны бұзбаңыз: бұл ретте мобильді операциялық жүйені өндіруші орнатқан қорғану механизмдері өшіп қалады да, құрылғының вирустан қорғану мүмкіндігі әлсірейді.
- Kaspi.kz мобильді қосымшасына кіру коды мен SMS-кодтарды ешқашан ешкімге айтпаңыз.
- Басқа қосымшаларда пайдаланатын парольді тез кіру коды ретінде қоймаңыз.
- Сенімді тез кіру кодын ойлап табыңыз: оңай білуге болатын нөмірді (мысалы, туған күні) немесе сандарды ретімен (мысалы, 1234 немесе 9876) пайдаланбаңыз.
Егер сіз телефон нөмірін ауыстырсаңыз, оны Kaspi.kz мобильді қосымшасында үнемі пайдаланатын нөмірге өзгертіңіз;
Жаңартылды 28.03.2024Қолданушылардың 97% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?