• Кез келген Kaspi.kz бөлімшесіне барыңыз. Өзіңізбен бірге шетелдік паспорттың түпнұсқасы және Қазақстанда болудың негізділігін растайтын құжаттардың бірі болуы керек:
     

    • виза:

      соның ішінде электрондық виза.

    • болу туралы хабарлама;
    • уақытша тұруға рұқсат (УТР);
    • оқу орнынан анықтама;
    • аккредиттеу куәлігі:

      дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және басқа да ұйымдардың қызметкерлері үшін.

    • еңбек қызметін жүзеге асыруға немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат;
    • Қандас куәлігі;
    • ҚР-дан пана іздеуші тұлғаның куәлігі.
       

    Ресей, Түркия, Қытай және ЭЫДҰ-ға мүше басқа елдердің азаматтары паспортын, салық нөмірін (СН/TIN) және азаматтығы бар елдегі нақты тұратын мекенжайын ұсынуы қажет. Толығырақ — ЭЫДҰ жадынамасында.
     

    Егер сіз АҚШ азаматы болсаңыз, FATCA бойынша жадынамамен танысыңыз.

    Жаңартылды 19.06.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?