• Бұл құрылғыдағы Kaspi.kz қосымшасы ҚР Ұлттық Банкінің талаптарына сәйкес уақытша қолжетімді емес.

     

    Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 53 қаулысы 161-бабының 2-тармағы

     

    Бірнеше себебі болуы мүмкін:

     

    • қашықтан қол жеткізуге арналған қосымшалар орнатылған: TeamViewer, AnyDesk, HopToDesk және тағы басқа.
      Қаскүнемдер осындай бағдарламалар арқылы құрылғыны және шоттарыңызды бақылай алады. Kaspi.kz мобильді қосымшасын пайдалануды жалғастыру үшін оларды өшіріп тастаңыз.

     

    • операциялық жүйенің қорғаныс механизмдерінің бұзылғаны анықталды: Android-та root- қолжетімділік немесе iOS-та jailbreak.
      Бұл смартфонның вирустардан, зиянды бағдарламалардан және құпия деректерді ұрлаудан қорғанысын әлсіретеді. Операциялық жүйенің тұтастығын қалпына келтіру үшін ресми сервис орталығына хабарласыңыз.

     

    • cізге Kaspi.kz қосымшасы бейресми көздерден орнатылған.
      Тек AppStoreGoogle Play немесе AppGallery-дегі ресми қосымшаларды пайдаланыңыз. Жүктемес бұрын әзірлеуші ретінде Kaspi көрсетілгеніне көз жеткізіңіз.

     

    Сондай-ақ Kaspi.kz қосымшаны басқа құрылғыда аша аласыз.

    Жаңартылды 03.08.2026

    Қолданушылардың 77% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?