Қауіпсіздік
Kaspi.kz қосымшасындағы парақшаның басым бөлігі үшін бұл мүмкіндік өшірілген. Бұл пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың шоттары туралы құпия ақпаратты қорғау үшін қажет.
- Android-та скриншот жасауға болмайды;
- iOS-те сурет «Экранды түсіруге болмайды» деген хабармен сақталады.
Экранды түсірген кезде «Экранды түсіруді өшіріңіз» деген хабарлама шығады.
Мына сервистерде скриншот жасауға және экранды түсіруге рұқсат етілген:
- Kaspi.kz-тегі Магазин;
- Kaspi Travel;
- Kaspi Гид;
- Kaspi Maps;
- Kaspi.kz-тегі «Хабарландыру»;
- Сертификаттар.
Жаңартылды 17.08.2026Қолданушылардың 69% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?