Kaspi.kz
/
Клиенттер үшін Kaspi Гид
/
Мобильді қосымша
/
Кіру/Тіркелу
Кіру/Тіркелу
- Жаңартылды 28.03.2024
Kaspi.kz мобильді қосымшасына кіру коды арқылы ғана кіруге болады. Бұл өзіңіз орнататын 4 немесе 6 цифрдан тұратын комбинация.
Қауіпсіздік мақсатында кіру кодын тек өзіңіз баптаған құрылғыда ғана пайдалануға болады. Есептік жазбаңыздан шығып кетсеңіз, оған дәл сол цифрлар комбинациясымен кіру мүмкін емес.
Жаңа код ойлап табу керек болады. Бұл үшін Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы мәзір жолында Сервистер → Кіру/Тіркелу деп таңдаңыз. Жаңа кіру кодын енгізіп, келесі қадамдарды орындаңыз.Телефоныңыздың нөмірін растап, фотосәйкестендіруден өту керек.
Кодты орнатқаннан кейін биометриялық деректерді авторизациялау үшін саусақ ізін немесе Face ID пайдалана аласыз.
Қолданушылардың 96% жауапты пайдалы деді.Жауап пайдалы болды ма?