• Kaspi.kz қосымшасын екі тәсілмен жаңартуға болады:

     

    1) Автоматты түрде жаңартуды баптау. 

     

    Android үшін: Play Market-те «Менің қосымшаларым мен ойындар» бөлімін ашыңыз, тізімнен Kaspi.kz-ті таңдап, экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы үш нүктені басыңыз және «Автожаңарту» жалаушасын қойыңыз.

     

    iPhone үшін: «Баптауды» ашыңыз, «App Store» тармағына кіріңіз және «Автоматты түрде жүктеу» бөлімінде «Жаңартуды» іске қосыңыз.

     

    AppGallery үшін: «Мен» қосымша бетінде «Жаңартуды» таңдаңыз және «Wi-Fi арқылы жаңарту» функциясын қосыңыз.

     

    Осыдан кейін Kaspi.kz қосымшасы жаңа нұсқасы шыққан сайын автоматты түрде жаңартылып отырады.

     

    2) Өздігінен жаңарту. 

     

    Play Market, App Store не AppGallery-ға өтіңіз.

     

    «Жаңарту» не «Update» кнопкасын басыңыз. Егер бұл кнопка болмаса, демек, сізде қосымшаның ең соңғы нұсқасы тұр.

    Жаңартылды 01.04.2022
    Қолданушылардың 88% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?