Бұл құрылғыдағы Kaspi.kz мобильді қосымшасы ҚР Ұлттық Банкінің талаптарына сәйкес уақытша қолжетімді емес.
Бірнеше себебі болуы мүмкін:
- қашықтан қол жеткізуге арналған қосымшалар орнатылған: TeamViewer, AnyDesk, HopToDesk және тағы басқа.
Қаскүнемдер осындай бағдарламалар арқылы құрылғыны және шоттарыңызды бақылай алады. Kaspi.kz мобильді қосымшасын пайдалануды жалғастыру үшін оларды өшіріп тастаңыз.
- операциялық жүйенің қорғаныс механизмдерінің бұзылғаны анықталды: Android-та root- қолжетімділік немесе iOS-та jailbreak.
Бұл смартфонның вирустардан, зиянды бағдарламалардан және құпия деректерді ұрлаудан қорғанысын әлсіретеді. Операциялық жүйенің тұтастығын қалпына келтіру үшін ресми сервис орталығына хабарласыңыз.
- cізге Kaspi.kz қосымшасы бейресми көздерден орнатылған.
Тек AppStore, Google Play немесе AppGallery-дегі ресми қосымшаларды пайдаланыңыз.
Жүктемес бұрын әзірлеуші ретінде Kaspi көрсетілгеніне көз жеткізіңіз.Сондай-ақ мобильді қосымшаны басқа құрылғыда аша аласыз.
Жаңартылды 22.04.2026Қолданушылардың 65% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Топ 10 сұрақ