Kaspi.kz / Гид / Мобильді қосымша / Шарттар

Шарттар

  • 6. Kaspi.kz мобильді қосымшасында қандай сервистер қолжетімді?

    Жаңартылды 15.12.2022

     

    Kaspi.kz мобильді қосымшасында мына сервистер қолжетімді:

     

    Kaspi.kz-тегі Магазин

    Тауарлардың сан алуан түрін үздік бағамен және бүкіл Қазақстан бойынша жеткізу қызметімен. Бөліп төлеуге, кредитке сатып алуға, сондай-ақ құнын Kaspi Gold, Kaspi Red картасымен не Kaspi Бонуспен төлеуге болады.

     

    Төлемдер

    10 000-нан астам қызмет комиссиясыз: коммуналдық қызмет, ұялы телефонғақша салу, интернет, ЖОО, балабақша, ақысы және тағы басқасы.

     

    Жеке Банк

    Кредиттеріңіз, Kaspi Депозиттеріңіз, Kaspi Gold, Kaspi Red картаңыз және бонусыңыз бойынша барлық ақпарат.

     

    Kaspi Travel

    Ұшақ және т/ж билеттерін барлық бағыт бойынша іздеу және сатып алу. Kaspi Gold картасымен төлеу және кредитке сатып алу мүмкіндігі.

     

    Kaspi QR

    Сатып алған заттың құнын Kaspi.kz серіктестерінде төлеу және картасыз немесе ЖСН термей кез келген Kaspi Банкоматта, Kaspi Терминалда авторизациядан өту.

     

    Аударым

    Өз шоттарыңыздың арасында, басқа клиенттердің Kaspi Gold картасына, сондай-ақ әлемнің кез келген банкінің картасына жылдам, ақша аудару.

     

    Мемлекеттік қызметтер

    Кез келген уақытта үйден шықпай-ақ салық пен айыппұл төлеуге, мемлекеттен төленетін төлемдер мен жәрдемақылар үшін Әлеуметтік Шот ашуға, автомобильді қайта тіркеуге, ЖК-ні тіркеуге және басқа да мемлекеттік қызметтерге арналған ыңғайлы сервис.

     

    Гид

    Kaspi.kz-тің барлық өнімдері мен сервистері туралы, ақпарат.

     

    Maps
    Kaspi.kz бөлімшелерін, Kaspi Терминалдарды, кез келген банктің банкоматтарын, сондай-ақ Kaspi.kz серіктестерін оңай әрі жылдам іздеу.

    Қолданушылардың 85% жауапты пайдалы деді. Сізге жауап пайдалы болды ма?