Kaspi.kz мобильді қосымшасы деген — сүйікті клиенттерімізге Kaspi.kz сервистерінің бәрін тура өзінің телефонынан ыңғайлы да қауіпсіз қолдануға мүмкіндік беретін қосымша.
Kaspi.kz қосымшасы iOS және Android платформаларына арнап әзірленген
Қосымшада Kaspi.kz сервистерінің бәрі: Төлемдер, Жеке Банк, Магазин, Бонус, Red, Maps, Гид және Аударымдар бар.
Kaspi ID бірегей технологиясының арқасында Kaspi.kz мобильді қосымшасында Kaspi Gold, Kaspi Red карталарын, кредит немесе депозитті онлайн рәсімдей аласыз. Ол үшін жеке тұлғаңызды растау үшін банк бөлімшесіне барудың қажеті жоқ — смартфон камерасына қарап тұрып бірнеше әрекет жасасаңыз болғаны.
«Төлемдер» сервисін тек қосымшада қолдануға болады. Оның көмегімен өз шоттарыңыз арасында, сондай-ақ банктің өзге клиентінің Kaspi Gold картасына, ақша аудара аласыз.
Өзге банктің картасынан Kaspi Gold картасына, ақша аудару да тегін. Өзге банктің картасына, ақша аударуға алынатын комиссия аударым сомасынан 0,95%, кем дегенде 200 теңге болады.