• Бірнеше себебі болуы мүмкін:

     

    Сіз фотоанықтаудан өткен жоқсыз.

    Бұл қосылудың міндетті кезеңі. Келесі талаптарды тексеру керек:

     

    смартфонның алдыңғы камерасы жұмыс істеп тұр

    Егер жұмыс істемесе, басқа құрылғыдан фотоанықтаудан өтуге немесе жөндеу үшін сервис орталығына хабарласуға болады.

     

    қосымшада камераны пайдалануға рұқсат берілген  

    Android-та «Қосымша» бөлімін ашу керек: Kaspi.kz → Рұқсаттар → Рұқсат ету.

    iOS-та Құпиялылық бөлімін ашу керек: Камера → Kaspi.kz → Рұқсат беру

     

    үй-жай жақсы жарықтандырылған  

    Жарық бетке біркелкі, көлеңкесіз және сәулесіз түсіп тұруы тиіс. 

     

    смартфон бетіңізге тура қарама-қарсы орналасқан, бетіңіз экрандағы сопақшаға толық сыйып тұр, көзіңіз камераға қарап тұр, ал артыңызда басқа адамдар жоқ;

     

    камерада шаң, кір, дақ жоқ;

    құрылғыда Kaspi.kz мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасы орнатылған.

     

    Сіз Kaspi Travel-мен жұмыс істеу ережесін бұздыңыз

    Мұндай жағдайда ынтымақтастықты толық тоқтатуға дейін шектеу шаралары қолданылуы мүмкін. 

     

    Сондай-ақ Kaspi ішкі ережелерге сәйкес іскерлік қатынастарды орнатудан бас тартуы мүмкін. Ынтымақтастық туралы шешім әр нақты жағдайда жеке қабылданады.

    Жаңартылды 23.05.2025

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?