Шарттары
Kaspi Travel — Қазақстанда демалыс ұсынатын компаниялар үшін ыңғайлы сервис.
Оның көмегімен қызметтеріңізге:
- бүкіл ел бойынша курорттар мен санаторийлерде бөлмелер мен үйлерде тұруға;
- ат серуендеріне;
- аквапарк, спа-орталыққа, моншаға, саунаға баруға,
- және басқа да көптеген қызметке онлайн бронь қабылдауға болады.
Kaspi Travel сервисіне «Ойын-сауық орталықтары мен демалыс аймақтары» және «Сұлулық пен SPA салондары» қызмет санаты бар кез келген компанияны қосуға болады. Өтінімді компанияның басшысы бере алады.
Kaspi Travel жұмысы қарапайым.
- Сіз өз демалыс аймағыңыз немесе қызметтеріңіз туралы ақпаратты Kaspi Travel менеджеріне ұсынасыз, ол оны сервиске енгізеді.
- Kaspi.kz клиенттері тұру және бару күндеріне онлайн бронь қояды: күндерін, қонақтар санын көрсетіп, оны Kaspi Gold, Kaspi Бонус арқылы, кредитке немесе Бөліп төлеу арқылы төлейді.
- Сіз өтінімді қабылдайсыз. Клиент Kaspi.kz қосымшасынан құжаттарды алады, басқалары көрсетілген күнге бұл бөлмеге бронь қоя алмайды.
Ақша комиссияны брондау сомасының 12,99% -ын шегергенде Kaspi Pay шотына бірден түседі.
Назар аударыңыз: Kaspi Pay бағдарламасын жаңарту біртіндеп жүргізіледі.
Жаңартылды 10.02.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?