Мұны Kaspi Pay мобильді қосымшасында «Аударым» сервисінде екі тәсілмен жасауға болады:
Kaspi Pay серіктесіне.
Телефон немесе шот нөмірін немесе оның ЖСН немеес БСН енгізіңіз, соманы, ТМК мен төлем мақсатын көрсетіңіз.
Контрагентке.
Алушының атауын, ЖСН немесе БСН, БеК, шот нөмірін, БСK, сомасын, ТМК мен төлем мақсатын енгізіңіз.
Егер сіз немесе қаражат алушы Қазақстанның резиденті болмасаңыздар, тізімнен жеке басын куәландыратын құжатты берген елді таңдаңыз.
Егер сіз контрагент-делдалға ақша аударсаңыз немесе басқа компанияның немесе адамның атынан ақша жіберсеңіз, нақты төлеушінің немесе алушының деректерін қосыңыз.
Kaspi Pay-дегі бір шоттан екіншісіне аударымдар әрқашан комиссиясыз.