Егер аударым өткізіліп қойса, оның күшін жоюға болмайды. Алушымен хабарласып, ақшаны қайтаруды келісуге болады. Егер алушы сізге ақшаны қайтармаса, талап арызбен сотқа жүгіне аласыз. Біз сотқа алушының деректерін тек ресми сұрату бойынша ғана ұсына аламыз.
Kaspi Pay мобильді қосымшасында өңдеуде тұрған аударымның күшін жою үшін:
- Аударым сервисіне → Тарих деп өтіңіз;
- «Өңделіп жатыр» мәртебесі бар қажет аударымды таңдаңыз;
- «Қайтарып алу» деп басыңыз.