Бұл ақшаны кімнің Kaspi Gold-ына аударатыныңызға байланысты.
Екі нұсқасы бар:
Kaspi Pay мобильді қосымшасында «Аударым» сервисіне өтіңіз → Шоттарымның арасында. Теңгедегі есептен шығару шотын және есепке жазу шотын — Kaspi Gold-ты таңдаңыз. Соманы енгізіп, «Аудару» деп басыңыз.
ЖК-да Kaspi.kz пен Kaspi Pay қосымшаларында ЖСН сәйкес келуі керек. Осыдан кейін «Таңдаулыға сақтау» белгісін қоюыңызға болады.
Назар аударыңыз: Kaspi Gold жеке тұлғалардың жеке мақсаттарына арналған және кәсіпкерлік қызметке арналмаған.
- басқа адамның Kaspi Gold-ына.
Кез келген Kaspi Gold-қа деректемелер бойынша ақша аударуға болады. Ол үшін Kaspi Pay мобильді қосымшасында Аударым сервисін ашыңыз → Контрагентке. Алушының атауын, ЖСН немесе БСН, БеК, шот нөмірін, БСК, соманы, ТМК және төлемнің мақсатын енгізіңіз.
ҚР Салық кодексіне сай, егер ол алушының табысы болса, Kaspi Pay шотынан басқа адамның (ЖК емес) Kaspi Gold-ына ақша аударғаны үшін салық салынады. Мысалы, компанияңызға көрсетілген қызмет үшін. Мұндай жағдайда соманың 10% мөлшерінде ЖТС мен әлеуметтік төлемдер төлеу қажет.
Қандай сома және қай мерзім үшін төлеуіңіз керектігін білу үшін бухгалтерге немесе МКК-ға хабарласуыңыз керек.
Егер басқа адамның жеке шотына ақша аудару оның немесе сіздің кәсіпкерлік қызметіңізбен байланысты болмаса, ақшаны өзіңіздің Kaspi Gold-ыңыздан жіберіңіз. Сонда, ақша аударымы туралы ақпаратты салық есебіне қосудың қажеті болмайды.