Мұны екі тәсілмен жасауға болады:
Kaspi Pay веб-нұсқасында
Төлемдер → Теңгемен төлемдер → Жасау → Төлем тапсырмасы.
Kaspi Pay қосымшасында
Аударым → Контрагентке.
Теңгемен есептен алынатын шотты таңдаңыз.
Егер ақшаны басқа адамның немесе компанияның атынан жіберсеңіз, нақты төлеушінің деректерін көрсетіңіз: ЖСН немесе БСН, аты-жөні немесе компанияның атауы.
Үлгіні толтырыңыз:
Алушы
- шот нөмірі;
- банктің БСК;
Автоматты түрде толтырылады.
- ЖСН немесе БСН;
- КБе (бенефициар коды);
Мысалдары бар пайдалы ақпаратты көру үшін
басыңыз- Аты-жөні немесе компанияның атауы;
- Азаматтық елі.
Қазақстанның бейрезидентіне жіберген кезде.
Делдал арқылы аударым жасау үшін нақты алушының ЖСН немесе БСН, аты-жөнін немесе компанияның атауын көрсетіңіз.
Төлем деректемелері
- аударым сомасы;
Егер серіктестен төлем шоты ҚҚС ескере отырып қойылса, «ҚҚС қоса алғанда» деген белгі қоя аласыз.
- төлем мақсатының коды (ТМК).
Мысалдары бар пайдалы ақпаратты көру үшін «Қандай ТМК таңдау керек?» дегенді басыңыз
Қажет болса, «Төлем мақсаты» жолында тауардың немесе қызметтің атауын жазыңыз.
Егер ақшаны Қазақстандағы басқа банкке жіберсеңіз, жіберетін күнді таңдауға немесе «Шұғыл ақша аударымы» деп басуға болады.
Бүкіл ақпаратты тексеріп, «Аудару» деп басыңыз.
Kaspi Pay веб-нұсқасында жасалған және бухгалтер жасаған операцияларды растау қажет. Мұны компанияның басшысы немесе басқарушысы жасай алады. Kaspi Pay қосымшасына өтіп, Аударым сервисін ашып → Растауға жолдау → Шығыс деп басыңыз. Бір немесе бірнеше төлемді таңдап, «Растау» деп басыңыз және хабарламадағы кодты енгізіңіз.
Келесі жолы операцияны қайталау үшін «Таңдаулы бөлімінде сақтау» белгісін қоя аласыз.
Ақшаның түсу мерзімі алушы банкке және оның шарттарына байланысты:
Kaspi Pay серіктесіне бірден Қазақстандағы басқа банкке 3 жұмыс күніне дейін шетелдік банкке 5 жұмыс күніне дейін Жаңартылды 28.07.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Теңгемен ақша аудару