• Мұның бірнеше себебі болуы мүмкін:

     

    Сіз реквизиттерді қате енгіздіңіз

    Алушының атауын, ЖСН немесе БСН, КБе, шот нөмірін, БСК тексеріп, қайта көріңіз. 

     

    Kaspi Pay шотында қаражат жеткіліксіз

    Аударым сомасын азайтыңыз немесе кез келген тәсілмен оған ақша салыңыз:

     

    • Өз шоттарыңыздың арасында ақша аудару арқылы
      Аударым → Шоттарымның арасында бөліміне өтіңіз.
      Есептен шығару және есепке алу шотын, содан кейін соманы және «Аудару» деп таңдаңыз.
      Растау үшін SMS-тегі кодты енгізіңіз.
      Өз Kaspi Gold-ынан ақша аудару ЖК басшысына ғана қолжетімді.
       
    • Kaspi Банкоматта қолма-қол ақшамен
      Компания басшысына және Kaspi Pay мобильді қосымшасына қосылған барлық қызметкерлерге қолжетімді.
       
    • Реквизиттер бойынша
      Kaspi.kz бөлімшесіне бару қажет. Шотқа кез келген жеке тұлғаақша сала алады.

     

    Kaspi Pay шотыңызға тыйым салынған

    Шотта тыйым салынған сомадан көп ақша болған жағдайда ғана ақша аудара аласыз.

    Шоттағы шектеулер туралы толық ақпаратты Kaspi Pay мобильді қосымшасында «Жеке Банк» сервисінде көре аласыз. Шотты таңдап, «Толығырақ» деп басыңыз. 
     

    Сондай-ақ шотқа салынған тыйым туралы ақпарат мемлекеттік органдардың сайттарында қолжетімді:
     

     

    Алушы ҚР Ұлттық Банкінің антифрод-орталығының тізімінде

    Құқық қорғау органдары (ІІМ) оған алаяқтыққа ұқсас операциялар жасайтын клиенттерді енгізеді. 
     

    Олар басқа адамдардан ақша аударымын қабылдай алмайды.
     

    Егер себеп сәйкес келмесе, Kaspi.kz мобильді қосымшасында бізге Kaspi Гидпен Чатқа  жазыңыз. Біз көмектесуге тырысамыз.

     

    Жаңартылды 08.04.2025
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?