Жоқ. Бұл мүмкіндік өшірілген, өйткені Kaspi Pay шоты тек кәсіпкерлік қызметке арналған.
Сіз басқа адамдарға Kaspi Gold-қа деректемелер бойынша ақша аудара аласыз. Ол үшін Kaspi Pay мобильді қосымшасында Аударым сервисінде → Контрагентке бөліміне өтіңіз. Алушының атауын, ЖСН немесе БСН, БеК, шот нөмірін, БСК, соманы, ТМК және төлемнің мақсатын енгізіңіз.
Назар аударыңыз: Kaspi Gold жеке тұлғалардың жеке мақсаттарына арналған және кәсіпкерлік қызметке арналмаған.
ҚР Салық кодексіне сай, егер ол алушының табысы болса, Kaspi Pay шотынан басқа адамның (ЖК емес) Kaspi Gold шотына, ақша аударғаны үшін салық салынады. Мысалы, компанияңызға көрсетілген қызмет үшін. Мұндай жағдайда соманың 10% мөлшерінде ЖТС мен әлеуметтік төлемдер төлеу қажет.
Қанша, ақша және қай мерзім үшін төлеу керектігін білу үшін бухгалтерге немесе МКК-ға хабарласуыңыз керек.