• Kaspi Pay қосымшасында салық есебін тек оңайлатылған салық режиміндегі ЖК тапсыра алады.

     

    Ол үшін Салық сервисіне → Бәрі → Салық есебін тапсыру деп өтіп, 910 нысаны бойынша салық есебін танданыз:

     

    • сату орындарын тексеріңіз;

    Барлығы көрсетілмесе, жетіспейтін сауда орындарын қосыңыз.

     

    • олардың әрқайсысы бойынша кірісті көрсетіңіз;

    Kaspi-ден түскен кіріс автоматты түрде толтырылады.

     

    • ЖК ретінде өзіңіз үшін төлеген салық сомасын енгізіңіз;

    Егер сіз кейбір салықтан босатылсаңыз, жеңілдік автоматты түрде қолданылады.

     

    • егер кірісіңіз 24 000 АЕК-тен немесе 103 800 000 теңгеден асса, жеке табыс салығының сомасын азайту үшін түзетуді қолданыңыз.

     

    Деректерді тексеріңіз. Содан кейін «Есепті МКК-ға жіберу» деп басып, құжатқа Kaspi ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз. Мұны тек компанияның басшысы жасай алады.

    Жаңартылды 27.08.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?