• Kaspi Pay қосымшасында салық есебін толтырған кезде Kaspi-ден түскен кіріс автоматты түрде есептеледі. Оған ағымдағы шотқа:

     

    • қайтарылған соманы шегергендегі сатудан түскен түсімдер;
    • контрагенттерден қызметтер мен тауарлар үшін түскен түсімдер кіреді.

     

    Қалған кірісті есептеу үшін жартыжылдағы әр сату орны бойынша қолма-қол және басқа банктердегі қолма-қол ақшасыз түскен барлық түсімді қосыңыз. Жалпы сомадан тауар сатып алуға жұмсалған шығынды, әкімшілік шығысты және комиссияларды шегермеңіз.

    Жаңартылды 23.07.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?