• Барлық кәсіпкер ай сайын өзі және жұмыскерлер үшін ЖБМЗЖ төлеу керек. Аударымдарды қызметкердің жалақысынан ұстамай, компанияның табысынан төлейді.

     

    Мөлшерлеме — жалақының 2,5%-ы, ең азы — 2 125 теңге, ең көбі — 106 250 теңге.

     

    Егер ЖК не жұмыскер:

     

    • жасына қарай зейнеткер;
    • еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алатын зейнеткер болса;
    • мерзімсіз I не II топтағы мүгедек болса;
    • 1975 ж. 1 қаңтарға дейін туса,

     

    ЖБМЗЖ төлеудің қажеті жоқ.

     

    Сондай-ақ егер ЖК-нің өткен айда табысы болмаса, өзі үшін ЖБМЗЖ төлеу міндетті емес.

    Жаңартылды 01.01.2025
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?