Kaspi Pay
/
Серіктестер үшін Kaspi Гид
/
Салық
/
Төлеу
Төлеу
- Жаңартылды 11.07.2025
Оңайлатылған және бөлшек салық режиміндегі ЖК мен ЖШС жұмыскерлер үшін бірыңғай төлемді Kaspi Pay мобильді қосымшасында төлей алады.
Ол үшін Салық сервисін → Жұмыскерлер атынан → Бірыңғай төлем деп ашыңыз.
Есептен шығару шоты және ақы төлеу кезеңі автоматты түрде толтырылады. Сіз оларды қолмен өзгерте аласыз.
Содан кейін жұмыскерлерді қосып, жалақыны енгізіңіз.
Егер сізде қызметкерден өтініш бар болса, жеке табыс салығын төмендету үшін стандартты салық шегерімін қосыңыз.
Салық автоматты түрде есептеледі. Егер жұмыскерде жеңілдіктер бар болса, бұл туралы хабарлама экранда көрсетіледі.
«Сақтау» деп басып, төлемді растаңыз.
Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.Жауап пайдалы болды ма?