Kaspi Pay
/
Серіктестер үшін Kaspi Гид
/
Салық
/
270-нысан бойынша декларация
/
Тапсыру
270-нысан бойынша декларация
- Жаңартылды 20.08.2025
2025 жылдан бастап 270- нысан бойынша декларацияны:
- мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор басшылары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары;
- адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары және кәсіби медиаторлар;
- цифрлық активтердің иелері;
- жұмыс берушісіз тікелей табыс алатындар және оған салықты дербес төлейтін адамдар;
- шетелде тіркелуі қажет мүліктің иелері;
- басқа салықтық шегерімдерге өтініш берген және алдын ала соманы көрсеткен адамдар;
- 10% -дан артық үлесi бар компаниялардың құрылтайшылары немесе басшылары және олардың жұбайлары;
- шетелдегі шоттар мен депозиттердегі 1000 АЕК-тен жоғары соманың иелері;
- 2024 жылы 20 000 АЕК немесе одан да көп сомаға мүлік сатып алғандар;
- резидент еместер - Қазақстанда:
бағалы мүлікті сатып алған бағасынан қымбат сатқан;
оған құқықты өзгеге берген немесе жалға өткізген шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар тапсырады.
Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.Жауап пайдалы болды ма?