250-нысан бойынша декларация
  • 250-нысан бойынша декларацияда 2024 жылғы 31 желтоқсанда сізде болған активтер мен міндеттемелерді көрсетіңіз:

     

    Қазақстаннан тыс жерлерде

    жылжымайтын мүлік;

    көлік құралдары;

    шетелдік банктердегі шоттар мен депозиттердегі жалпы сомасы 1 000 АЕК-тен жоғары ақша.

     

    Қазақстанда және одан тыс жерлерде

    жылжымайтын мүлік құрылысына қатысу үлесі және АҚ-тан басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі;

    бағалы қағаздар, өндірістік қаржы құралдары (ӨҚҚ);

    цифрлық активтер;

    инвестициялық алтын;

    зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;

    10 000 АЕК немесе одан аз мөлшердегі қолма-қол ақша;

    дебиторлық, кредиторлық берешек;

    шетелдік брокерлік шоттардағы ақша;

    бағалау құны 1 000 АЕК-тен жоғары басқа мүлік — өз қалауымен толтырылады.

     

    Ол  үшін Kaspi.kz қосымшасында «Мемлекеттік қызмет» сервисіне → 250-нысан бойынша декларация деп өтіңіз. Мына деректерді көрсетіңіз:

    • телефон нөмірі,
    • тұрақты тіркеу орны бойынша  салық органы– оны 1414 телефон нөмірі бойынша біле аласыз.

     

    Одан кейін экрандағы әрекеттерді орындаңыз.

    Жаңартылды 07.09.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?