250-нысан бойынша декларация
  • 250-нысан бойынша декларацияны:

     

    Мемлекеттік қызметке немесе мемлекеттік функцияларды атқаратын лауазымдарға кандидаттар және олардың жұбайлары тапсырады

    Мысалы: судьялар, прокурорлар, мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компаниялардың басшылары.

     

    Қазақстан Президенттігіне кандидаттар, депутаттар, әкімдер, жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелері және олардың жұбайлары

     

    Банктерде, сақтандыру компанияларында немесе инвестициялық портфельді басқаратын ұйымдарда 10%-дан бастап қатысу үлесі бар жеке тұлғалар

     

    Қазақстаннан тыс жерлерде мүлкі бар адамдар, егер олардың:

    • цифрлық активтері болса;
      Мысалы: криптовалюта, NFT немесе акциялар.
    • жылжымайтын мүлкі және шоттар мен депозиттерде 1 000 АЕК-тен жоғары сомада ақшасы болса (2025 жылы — 3 692 000 ₸).

     

    Шетелдегі жеке тұлғаға қарызға ақша берген немесе одан қарыз алған адамдар

     

    Назар аударыңыз: егер Сіз 250-нысан бойынша декларацияны бұрын тапсырған болсаңыз, оны қайта тапсырудың қажеті жоқ. Бұған:

    • мемлекеттік қызметке немесе мемлекеттік функцияларды атқаратын лауазымдарға кандидаттар және олардың жұбайлары;
      Мысалы: судьялар, прокурорлар, мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компаниялардың басшылары.
    • Қазақстан Президенттігіне, депутаттыққа, әкімдікке кандидаттар, жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттар және олардың жұбайлары;
    • банктерде, сақтандыру компанияларында немесе инвестициялық портфельді басқаратын ұйымдарда 10%-дан бастап қатысу үлесі бар жеке тұлғалар кірмейді.

     

    ҚР Салық кодексінің 422-бабының 6-тармағы

    Жаңартылды 04.09.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?