Оңайлатылған режимдегі ЖШС:
Жалдамалы жұмыскер мен басшы үшін — ай сайын
Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ)*
Жалақының 10% — ең көбі - 425 000 ₸
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖБМЗЖ)*
Жалақының 3,5% — ең азы - 2 975 ₸, ең көбі - 2 975 ₸
Әлеуметтік аударымдар (ӘА)*
МЗЖ шегерілгендегі жалақының 5% — ең азы - 4 250 ₸, ең көбі - 29 750 ₸
Медициналық сақтандыруға жарна (МӘМСЖ)
жалақының 2% — көп дегенде 34 000 ₸
Медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМСА)
жалақының 3% — көп дегенде 102 000 ₸Жеке табыс салығы (ЖТС)
Жалақы мөлшеріне байланысты.Жылдық табыс 8 500 АЕК-ке дейін болса — 10%.
Егер одан көп болса — асып кеткен сомадан қосымша 15%.
Өзіңіз үшін және жұмыскерлер үшін салықты әр айдың 25-іне дейін төлеу керек.
Табысқа салынатын салық — жартыжылда бір рет
ЖК мен ЖШС жеңілдетілген режимде тек ЖТС немесе КТС төлейді. Ол айналымнан есептеледі және мөлшерлемесі 4%.
Жергілікті әкімдік кассалық аппарат тіркелген ауданға байланысты мөлшерлемені 2%-ға арттыруы немесе 2%-ға төмендетуі мүмкін. Нақты мөлшерлемені 1414 нөмірі арқылы білуге болады — бұл Қазақстан Республикасы электрондық үкіметінің байланыс орталығы.
Табысқа салынатын салықты бірінші жартыжылдық үшін 25 тамызға дейін, екінші жартыжылдық үшін келесі жылдың 25 ақпанына дейін төлеу керек.
Жаңартылды 05.01.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Шарттары