Оңайлатылған режимдегі ЖК:
Өзі үшін — ай сайын
МЗЖ* – міндетті зейнетақы жарналарын;
ЖБМЗЖ* – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;
ӘА* – әлеуметтік аударымдарды;
МӘМСЖ – медициналық сақтандыруға жарна төлейді.
*ЖК мөлшерін өзі анықтайды, ең азы МЗЖ үшін 8 500 ₸ және ӘА үшін 4 250 ₸.
Табыс түспеген айда өзіңіз үшін МЗЖ, ЖБМЗЖ мен ӘА-ны төлеу міндетті емес.
Тіпті табыс түспесе де, МӘМСЖ-ны ай сайын төлеп отыру керек.
Жалдамалы жұмыскер үшін – ай сайын
МЗЖ – міндетті зейнетақы жарналарын;
ЖБМЗЖ – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;
ӘА – әлеуметтік аударымдарды;
МӘМСЖ – медициналық сақтандыруға жарна;
МӘМСА – медициналық сақтандыруға аударымдарды;
ЖТС – жеке табыс салығын төлейді.
Өзіңіз үшін және жұмыскерлер үшін салықты әр айдың 25-іне дейін төлеу керек.
Табысқа салынатын салық – жартыжылда бір рет
ЖТС – жеке табыс салығы;
ӘС – әлеуметтік салық.
Табысқа салынатын салықты бірінші жартыжылдық үшін 25 тамызға дейін, екінші жартыжылдық үшін келесі жылдың 25 ақпанына дейін төлеу керек.
Жаңартылды 01.01.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Шарттары