Егер сіз ҚҚС төлеуші болмасаңыз және қызметіңіздің түрі ҚР Үкіметі бекіткен ЭҚЖЖ тізіміне кірсе, өткен күнмен, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бөлшек салық режимін пайдалана аласыз.
Ол үшін «Салық төлеушінің кабинетінде» өтінім немесе компанияның тіркелген жері бойынша салық органына «Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны» ұсыну керек.
Егер сіз ҚҚС бойынша есепте тұрмасаңыз, тек, ағымдағы кезеңнен бастап бөлшек салыққа ауыса аласыз.
Егер қызметіңіздің түрі бекітілген тізімге кірмесе, оны ауыстырғаннан кейін ғана бөлшек салыққа ауысуға болады.