• 2025 жылы бөлшек салық режиміндегі компанияның табыс салығының (ЖТС немесе КТС) мөлшерлемесі:

     

    • 4% – егер сіз жеке тұлғаларға, сондай- ақ шегерімді қолданбайтын ЖК мен ЖШС-ға тауарларды сатсаңыз немесе қызмет көрсетсеңіз;
    • 8% – егер сатып алушыңыз жалпыға бірдей белгіленген режимдегі ЖК немесе заңды тұлға болса және шегерімдерді қолданып, ЭШФ жазып беруді талап етсе.

     

    Табыс салығы жұмыскерлерге төленетін жалақы шегерілгендегі айналымнан есептеледі.

     

    Төлеу мерзімі — 2025 жылғы IV тоқсан үшін 2026 жылғы 25 ақпанға дейін.

     

    Назар аударыңыз: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық органдары бөлшек салық режиміндегі компанияларды жалпыға бірдей режимге ауыстырады.

     

    Егер Сіз осы режимде жұмыс істесеңіз, басқа салық салу режиміне ауысыңыз. Мұны 2026 жылғы 1 наурызға дейін жасау қажет.

     

    Мұны жасамағандарды салық органдары өткен күнмен автоматты түрде ауыстырады. Режим ауысқан күн ретінде 1 қаңтар есептеледі, сондықтан қандай да бір салықтар немесе аударымдар төленбегені үшін айыппұлдар болуы мүмкін.

     

    ҚР Салық кодексі

    Жаңартылды 01.01.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?