• 2025 жылы бөлшек салық режиміндегі ЖК мен ЖШС жұмыскер үшін төлейтін салықтар мен аударымдардың мөлшерлемелері:
     

    Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ)

    жалақының 10%-ы — 425 000 ₸
     

    Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖБМЗЖ)
    жалақының 2,5%  — 2 125 ₸ бастап 106 250 ₸ дейін

     

    Әлеуметтік аударымдар (ӘА)

    жалақының 5%-ы — 4 250 ₸ бастап 29 750 ₸ дейін

     

    Медициналық сақтандыруға жарна (МӘМСЖ)

    жалақының 2%-ы — ең көбі 17 000 ₸

     

    Медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМСА)

    жалақының 3%-ы — ең көбі 25 500 ₸

     

    Жеке табыс салығы (ЖТС)

    10% х (жалақы - МЗЖ - МӘМСЖ - стандартты салық шегерімі 14 АЕК)

     

    ҚР Салық кодексіне сай 2025 жылы бірыңғай төлем мөлшерлемесі –  жұмыскердің жалақысының 23,8%.

     

    Назар аударыңыз: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық органдары бөлшек салық режиміндегі компанияларды жалпыға бірдей режимге ауыстырады.

     

    Егер Сіз осы режимде жұмыс істесеңіз, басқа салық салу режиміне ауысыңыз. Мұны 2026 жылғы 1 наурызға дейін жасау қажет.

     

    Мұны жасамағандарды салық органдары өткен күнмен автоматты түрде ауыстырады. Режим ауысқан күн ретінде 1 қаңтар есептеледі, сондықтан қандай да бір салықтар немесе аударымдар төленбегені үшін айыппұлдар болуы мүмкін.

     

    ҚР Салық кодексі

    Жаңартылды 01.01.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?