Бөлшек салық режиміндегі ЖШС:
Корпоративтік табыс салығы (КТС) — тоқсанына бір рет
Салық жұмыскерлерге төленетін жалақы шегерілгендегі айналымнан есептеледі.
Төлеу мерзімі — жұмыс істелген тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-іне дейін:
- I тоқсан үшін — 25 мамырға дейін;
- II тоқсан үшін — 25 тамызға дейін;
- III тоқсан үшін — 25 қарашаға дейін;
- IV тоқсан үшін — 25, ақпанға дейін.
Жалдамалы жұмыскер үшін — ай сайын
МЗЖ -міндетті зейнетақы жарналарын;
ӘА — әлеуметтік аударымдар;
МӘМСЖ — медициналық сақтандыруға жарна;
МӘМСА — медициналық сақтандыруға аударымдар;
ЖТС — жеке табыс салығын төлейді.
Өзі үшін және жұмыскерлер үшін салықты әр айдың 25-іне дейін төлеу керек.