Бөлшек салық режиміндегі ЖК:
Жеке табыс салығын (ЖТС) — тоқсанына бір рет
Салық жұмыскерлерге төленетін жалақы шегерілгендегі айналымнан есептеледі.
Төлеу мерзімі — 2025 жылғы IV тоқсан үшін 2026 жылғы 25 ақпанға дейін.
Өзі үшін — ай сайын
МЗЖ* — міндетті зейнетақы жарналарын;
ЖБМЗЖ* — жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;
ӘА* — әлеуметтік аударымдар;
МӘМСЖ — медициналық сақтандыруға жарна төлейді.*ЖК мөлшерін өзі анықтайды, ең азы МЗЖ үшін — 8 500 ₸, ӘА үшін 4 250 ₸.
Айналым болмаған ай үшін өзі үшін МЗЖ, ЖБМЗЖ және ӘА төлеу міндетті емес.
Айналым болмаса да, МӘМСЖ ай сайын төлеу керек.
Жалдамалы жұмыскер үшін — ай сайын
МЗЖ — міндетті зейнетақы жарналарын;
ЖБМЗЖ — жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;
ӘА — әлеуметтік аударымдар;
МӘМСЖ — медициналық сақтандыруға жарна;
МӘМСА — медициналық сақтандыруға аударымдар;
ЖТС — жеке табыс салығын төлейді.Өзі үшін және жұмыскерлер үшін салықты әр айдың дейін төлеу керек.
Назар аударыңыз: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық органдары бөлшек салық режиміндегі компанияларды жалпыға бірдей режимге ауыстырады.
Егер Сіз осы режимде жұмыс істесеңіз, басқа салық салу режиміне ауысыңыз. Мұны 2026 жылғы 1 наурызға дейін жасау қажет.
Мұны жасамағандарды салық органдары өткен күнмен автоматты түрде ауыстырады. Режим ауысқан күн ретінде 1 қаңтар есептеледі, сондықтан қандай да бір салықтар немесе аударымдар төленбегені үшін айыппұлдар болуы мүмкін.
Жаңартылды 01.01.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Шарттары