Жалпыға бірдей белгіленген режимдегі ЖШС:
Жалдамалы жұмыскер мен басшы үшін — ай сайын
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖБМЗЖ)
жалақының 3,5% — 2 975 ₸ бастап до 148 750 ₸ дейін
Әлеуметтік аударымдар (ӘА)
жалақының 5%-ы — 4 250 ₸ бастап 29 750 ₸ дейін
Медициналық сақтандыруға жарна (МӘМСЖ)
жалақының 2%-ы — ең көбі 17 000 ₸
Медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМСА)
жалақының 3%-ы — ең көбі 25 500 ₸
Жеке табыс салығы (ЖТС)
Жалақы мөлшеріне байланысты.
Жылдық табыс 8 500 АЕК-ке дейін болса — 10%.
Егер одан көп болса — асып кеткен сомадан қосымша 15%.Әлеуметтік салық (ӘС)
(жұмыскердің табысы – МЗЖ – МӘМСЖ) х 6%. Сомасы (жұмыскердің табысы - МЗЖ – МӘМСЖ) — 14 АЕК-тен кем болмауы тиіс
Өзіңіз үшін және жұмыскерлер үшін салықты әр айдың 25-іне дейін төлеу керек.
Табысқа салынатын салық
КТС – корпоративтік табыс салығы – жыл қорытындысы бойынша келесі жылғы 31 наурызға дейін;
ЖШС қызметінің түріне қарай басқа да салық. Мысалы: көлік, мүлік, жер салығы және т.б.
Назар аударыңыз: егер компанияның табысы жыл бойы 10 000 АЕК-ден асып кетсе, сіз ҚҚС бойынша есепке тұрып, оны тоқсанына бір рет төлеуіңіз керек.
Жаңартылды 05.01.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Шарттары