• Жалпыға бірдей белгіленген режимдегі ЖК ай сайын:

     

    Өзі үшін

     

    МЗЖ* — міндетті зейнетақы жарналарын;

    ЖБМЗЖ* — жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;

    ӘА* — әлеуметтік аударымдарды;

    МӘМСЖ — медициналық сақтандыруға жарна төлейді;
    ӘС — әлеуметтік салық төлейді.

     

    ЖК мөлшерін өзі анықтайды, ең азы МЗЖ үшін – 8 500 ₸ және ӘА үшін 4 250 ₸.

     

    Табыс түспеген ай үшін өзіңіз үшін МЗЖ, ЖБМЗЖ, ӘА және ӘС-ны төлеу міндетті емес. Табыс түспесе де, МӘМСЖ-ны ай сайын төлеп отыру керек.

     

    Жалдамалы жұмыскер үшін — ай сайын

     

    МЗЖ — міндетті зейнетақы жарналарын;

    ЖБМЗЖ — Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;

    ӘА — әлеуметтік аударымдарды;

    МӘМСЖ — медициналық сақтандыруға жарна;

    МӘМСА — медициналық сақтандыруға аударымдарды;

    ЖТС — жеке табыс салығын;

    ӘС — әлеуметтік салық төлейді.

     

    Өзіңіз үшін және жұмыскерлер үшін салықты әр айдың 25-іне дейін төлеу керек.

     

    Табыс түспеген ай үшін жұмыскерлер үшін ӘС-ны төлеу міндетті емес.

     

    Табысқа салынатын салық

     

    ЖТС — жеке табыс салығы — жыл қорытындысы бойынша келесі жылғы 31 наурызға дейін;

     

    ЖК қызметінің түріне қарай басқа салық.

    Мысалы: көлік, мүлік, жер салығы және т.б.

     

    Назар аударыңыз: егер жыл бойы компанияның табысы 20 000 АЕК-ден асып кетсе, сіз ҚҚС бойынша есепке тұрып, оны тоқсанына бір рет төлеуіңіз керек.

    Жаңартылды 01.01.2025
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?