• Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖБМЗЖ) — 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпкерлер ай сайын өзі үшін және қызметкерлері үшін төлейтін аударымдар. ЖБМЗЖ-ны жұмыскердің жалақысынан ұстамай, компанияның табысынан төлейді.

     

    2026 жылғы мөлшерлеме — жалақының 3,5%-ы, ең азы 2 975 ₸, ең көбі — 148 750 ₸.

     

    Егер ЖК не компанияның қызметкері:
     

    • жасына қарай зейнеткер;
    • еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алатын зейнеткер болса;
    • мерзімсіз I не II топтағы мүгедек болса;
    • 1975 ж. 1 қаңтарға дейін туса,
       

    ЖБМЗЖ төлеудің қажеті жоқ.

     

    Сондай-ақ егер ЖК-нің өткен айда табысы болмаса, өзі үшін ЖБМЗЖ төлеу міндетті емес.

     

    Төлемді 2038 жылы немесе одан кеш зейнетке шығатын жүмыскерлер пайдалана алады.

     

    Назар аударыңыз: ЖБМЗЖ міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеудің күшін жоймайды.

    Жаңартылды 01.01.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?