• 2.

    Kaspi.kz-тегі Магазинмен жұмыс істеудің қандай ережелері бар?

    Жаңартылды 24.10.2024

    Kaspi.kz-тегі Магазиннің сатушысы сатып алушылармен жұмыс жасауда бірқатар ережені сақтауға міндетті.

     

    Серіктес:

     

    1.    Сайтта Тауарларды ақы төлеудің басқа тәсілдерімен салыстырғанда, Төлем құралын пайдаланып, соның ішінде жеңілдікті (науқандарды) ескере отырып сатып алынатын сол тауардың көтеріңкі құнымен өткізбеуге.

     

    2.    Тауардың құнына қосымша қызметтерді қоспау.

     

    3.    Бұрын пайдаланылған, жарамдылық мерзімі өткен немесе өндірушінің кепілдік мерзімі өткен тауарларды, сондай-ақ жасанды тауарларды сатпау.

     

    4.    Тапсырыста көрсетілгенге сәйкес келмейтін және толық жиынтықталмаған тауарды бермеу/жібермеу.

     

    5.    Егер сатып алушыға жеткізілген тауар толық жиынтықталмаған болса, тауарды жиынтағаны үшін қосымша ақы талап етпеу.

     

    6.    Тауарды сатып алушыға бергенге дейін Сайтта тапсырысты аяқтамау.

     

    7.    Тапсырыс берілген тауарларды назардан тыс қалдырмау, тауарды сатып алушыға беру/жеткізуді жүзеге асырмай қоймау.

     

    8.    Сатып алушыға сапасыз тауарды сатпау.

     

    9.    Сатып алушыға сапасыз тауарды немесе тауар түрі сақталғанда сатып алғаннан кейін күнтізбелік 14 күннің ішінде оны айырбастаудан немесе қайтарудан бас тартпау.

     

    10.    Сатып алушылардан тауардың сапасына сараптама жүргізу үшін ақы талап етпеу және сараптаманы күнтізбелік 30 күннен асырмау.

     

    11.    Сатып алушыға айырбастаудың немесе қайтарудың орнына сапасыз тауарды жөндеуді ұсынбау.

     

    12.    Егер сатып алушы жөндеуге келіссе, тауардың кемшіліктерін жою мерзімін күнтізбелік 10 күн мерзімнен асырмау.

     

    13.    Тауарды қайтарған кезде клиенттен комиссия ұстамау.

     

    14.    Егер тапсырыс кредитке немесе бөліп төлеуге ресімделсе, тапсырыс құнының бір бөлігі үшін төлемді қабылдамауға тиіс. Сатып алушы тауарды кредитке немесе бөліп төлеуге сатып алған кезде, ол серіктеске жеке ештеңе төлемейді, өйткені тауар берілген күні сатушының шотына тапсырыстың ақысы толық түседі.

     

    15.    Тапсырыстың орнына ақша бермеу.

     

    16.    Kaspi.kz-те оң пікір білдіргені үшін, сондай-ақ теріс пікірді өзгерткені немесе жойғаны үшін сатып алушыларға ақшалай немесе кез келген басқа сыйақы ұсынбау.

     

    17.    Сатып алушының келісімінсіз тапсырысты жеткізу мерзімін ұзартпау.

     

    18.    Сатып алушының келісімінсіз тауар санын өзгертпеу.

     

    19.    Тапсырыстың күшін жоюдың дұрыс емес себебін көрсетпеу немесе сатып алушыдан тапсырыстың күшін жоюды сұрамау.

     

    20.    Сатып алушыларға көрсету үшін пайдаланылған, оралмаған тауарларды сатпау.

     

    21.    Тауарды алғаннан кейін қайтару туралы шешім қабылдауды әдейі кешіктірмеу.

     

    22.    Kaspi.kz-тегі Магазиннің сатып алушыларына серіктеске тікелей тапсырыс берген кездегіден мерзімі ұзақ және құны жоғары жеткізуді ұсынбау.

     

    23.    Өз рейтингін немесе бәсекелестердің рейтингін басқару үшін тапсырысты өз дүкендерінде не бәсекелес дүкендерде ресімдеу үшін тапсырыстарды ресімдемеу не үшінші тұлғалармен сөз байласпау. Мысалы, дүкенінен тапсырысты ресімдеген кезде өз рейтингін көтеру үшін оң пікір қалдырмау немесе бәсекелестің рейтингін төмендету үшін оның дүкенінде теріс пікір қалдырмау. 

     

    24.    Егер сатып алушы тапсырыста үйдің немесе пәтердің мекенжайын көрсеткен болса, сатып алушыға есікке дейін жеткізуден бас тартпауға тиіс.

     

    25.    Ірі көлемді тауарды әр қабатқа көтергені үшін сатып алушылардан қосымша ақы талап етпеу.

     

    26.    Өз мәселесін шешу үшін сапаны бақылау қызметінің жұмыскерлерімен жеке байланысқа шығуға әрекеттенбеу.

     

    27.    Үшінші тұлғалардың сатушының кабинетіне кіруіне рұқсат бермеу.

     

     

    Kaspi.kz-тегі Магазиннің серіктесі бұл ережелерді бұзса, мына шаралар қолданылуы мүмкін:

       

    Бұзушылық

    Шаралар

    90 күн ішінде 1-ші бұзушылық

    Kaspi.kz-тегі Магазиннен өшіру.
    Қажет болған жағдайда Магазин Серіктестен түсініктеме мен қайта бұзушылықты болдырмау шараларын сұратуға құқылы.   
    Магазиннің шешімі бойынша ынтымақтастықты қалпына келтіруге болады, бұл ретте серіктес Магазиннің сұратуы бойынша  толық түсініктеме беріп, бұзушылықтың қайталануына жол бермейтініне кепілдік беруі тиіс
    .

    90 күн ішінде 2-ші бұзушылық

    Ынтымақтастықты тоқтату немесе белгісіз мерзімге өшіру.

    Ерекше жағдайларда ғана ынтымақтастықты қалпына келтіруге болады.

     

    Kaspi.kz-тегі Магазинмен жұмыс істеу ережесі атты құжатты жүктеп алу.

    Қолданушылардың 79% жауапты пайдалы деді. Жауап пайдалы болды ма?