Мұны тек бренд иесі ғана істей алады. Бірнеше шарттары бар:
Брендтің атауы мен логотипі Ұлттық зияткерлік меншік институтында тіркелген.
Құжаттағы ақпарат Kaspi.kz-тегі Магазиндегі деректермен сәйкес келуі керек.
Брендіңіздің тауар санаты тауар белгісінің куәлігінде көрсетілген.
Қажет болса, жаңа құжатты ҚазПатенттен алыңыз.
Сіз сататын тауарларда брендіңіз туралы ақпарат бар.
Бұл сіздің сауда белгіңіздің атауы немесе логотипі бар затбелгі, бирка немесе нақыштама болуы мүмкін.
Басқа брендтер туралы жазылмауы керек.
Сіздің тауарыңыз бірегей тауар.
Басқа сатушыларда дәл мұндай ұсыныс жоқ.
Брендіңізді шектеу үшін компанияның БСН және Ұлттық зияткерлік меншік институты берген тауар белгісі куәлігінің тіркеу нөмірі қажет болады.
Бұл деректерді үлгідеүлгідеүлгіде көрсетіңіз. 2 күн ішінде Kaspi Pay мобильді қосымшасына сіз қабылданған шешім туралы хабарлама аласыз.
Егер бренд шектеген болса, басқа сатушылар сіздің тауарларыңыздың карточкаларға өз ұсыныстарын қоса алмайды.
Үлгіні толтырыңыз