- Жаңартылды 14.04.2025
Мұны компания басшысы ғана жасай алады.
Kaspi Pay мобильді қосымшасында басты бетте «Kaspi Red+» деп басыңыз да, экрандағы кейінгі қадамдарды орындаңыз.
Маңызды: Kaspi Red+-ке қосылу үшін Kaspi Pay-мен соңғы 2 айдың ішінде кемінде 20 күн сату керек. Бұл бизнестің жұмыс істеп тұрғанын және сенімді екенін тексеру үшін қажет.
Сізде қанша сатылым бар екенін көру үшін Kaspi Pay мобильді қосымшасында Kaspi Red+ деп өтіңіз. Содан кейін қосылу үшін қажетті күн жиналғанша қосымшаның басты бетінде есептеуіш көрсетіледі.
Сондай-ақ Kaspi Pay серіктесі жұмыс істеу ережесін сақтауға міндетті.
Мыналарды:
- тауар немесе қызмет орнына ақша беруге;
- құнын көтеруге немесе Kaspi Pay-мен сатудан бас тартуға;
- тауарды жеткізуді негізсіз кейінге қалдыру немесе оның күшін жою;
- үшінші тұлғаларға Kaspi Pay-ге қол жеткізу мүмкіндігін беруге;
- қаржылық немесе беделдік тәуекелдерге әкеп соқтыруы мүмкін басқа кез келген әрекетті жасауға болмайды.
Жұмыс істеу ережесі бұзылған жағдайда ынтымақтастықты тоқтатуға дейін шектеу шаралары қолданылады.
Толығырақ ақпарат мына құжатта: Kaspi Pay-мен жұмыс істеу ережесі
Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.Жауап пайдалы болды ма?