• Қызметтер → Компания профилі → Қызметкерлер деп өтіңіз, қажетті пайдаланушыны таңдап, оның рөлін тиісті қолжетімділік деңгейімен көрсетіңіз:

     

    Басқ арушы

    шоттарды қарайды;

    ақша аударады және төлем жасайды;

    сату орындарын баптайды;

    қызметкерлерді қосады;

    Бөліп төлеу науқандарына қосылады;

    Kaspi.kz-тегі Магазинде науқандарды тексереді;

    брендтер мен тауардың жарнамасын іске қосады;

    бонус беретін науқандарды баптайды;   

    тауарларды қосады және сатылымға шығарады;

    бағаны өзгертеді;

    тапсырыстарды өңдейді.

    Бухгалтер

    шоттарды қарайды;

    үзінді көшірмелер мен сатылым бойынша есептерді шығарады;

    төлем жасайды;

    салық төлейді; 

    сату орындарын баптайды;

    кассирлерді қосады; 

    төлем қабылдайды.

    Кассир

    Kaspi QR-мен және қашықтан төлем қабылдайды;

    қайтаруды ресімдейді.

    Kaspi.kz-тегі Магазиннің менеджері

    тапсырыстарды қабылдайды;

    қайтаруды өңдейді;

    тауарларды қосады.

    Маркетинг менеджері

    Бөліп төлеу науқандарына қатысатынын растайды;

    брендтер мен тауардың жарнамасын іске қосады;

    бонус беретін науқандарды баптайды.   

    Kaspi Travel менеджері

    броньды растайды;

    тұру құнын өзгертеді;

    демалыс аймағында бронь қоюды шектейді.

     

    Бірнеше рөлді таңдай аласыз немесе қызметкердің Kaspi Pay мобильді қосымшасының функцияларына қолжетімділігін шектей аласыз.

     

    Қызметкерге қолжетімділіктің өзгергені туралы хабарлама келеді.

    Жаңартылды 23.05.2025
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?